Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Қазақстан халқы тілдері XІХ облыстық фестивалінің ашылу салтанаты

15.09.2017

2017 жылғы қыркүйектiң 15-сi Н.Погодин атындағы орыс драма театрында облыс әкiмiнiң қатысуымен Қазақстан халқы тiлдерiнiң XIХ облыстық фестивалi аясында «Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы» форумының ашылу салтанаты өттi.

Облыс әкiмi Қ.I.Ақсақалов пен делегацияны әр ұлттың киiмiн киген балабақша бүлдiршiндерi үш тiлде сәлемдесiп өз өнерлерiн көрсетiп қарсы алды.

Форум басталғанға дейiн театрдың екiншi қабатындағы фойеде облыс әкiмiне қала, аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерiнiң басшылары тiл саясаты бағытында жеткен жетiстiктерi туралы ақпараттық технологиялар құралдары арқылы мәлiмет бердi.

Биылғы фестивальдiң ашылу салтанатына Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесiнiң мүшесi, саясаткер, Қазақстанға еңбегi сiңген қайраткер Досмахамбет Қалмаханұлы Көшiм, Ресей Федерациясы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президентi Есенғали Хамзаұлы Ибраев, Мәдениет және спорт министрлiгi Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi жанындағы Ш.Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығының қызметкерi Бейбiт Оспан қатысты.

Мемлекеттiк тiлдiң қолданыс аясын кеңейтуге және дамытуға зор үлес қосқан әр түрлi салаларда қызмет атқаратын бiрқатар азаматтар Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарға, бiрнеше адам Мәдениет және спорт министрлiгi Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi төрағасының «Алғыс хатына» ие болды.

Сондай-ақ мемлекеттiк тiлдi дамытуға қосқан үлесi үшiн түрлi номинациялар белгiленiп, жеңiмпаздар анықталды, оның iшiнде Ресей Федерациясы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы «Шекаралас ынтымақтастықты нығайтудағы үлесi үшiн» номинациясы бойынша марапатталды.

Фестивальдiң ашылу салтанатының екiншi бөлiмi мерекелiк концертке ұласты.

http://petropavltv.kz/kz/news/society/petropavlda-19-shy-oblystyk-kazakstan-halky-tilderi-festivali-otti

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика