Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Мәңгiлiк ел — Мәртебелi тiл» жастар акциясы

22.09.2017

2017 жылғы 22 қыркүйек күнi М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының қолдауымен «СҚО жастар маслихаты» жастар қоғамдық бiрлестiгi «Мәңгiлiк ел — Мәртебелi тiл» жастар акциясын өткiздi.

Бұл шара әлеуметтiк тапсырыс аясында iске асырылды.

Шараның жүргiзушiлерi ретiнде М. Қозыбаев ат. СҚМУ студенттерi Байдыбек Ақынов, Татьяна Жалнина және Аделина Хисматуллина болды.

Шарада университет және колледж студенттерiнiң қатарынан қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде спикерлер баяндамалар оқыды.

Спикерлер өз баяндамаларында үштiлдiлiк, қазақ тiлiнiң латын графикасына көшiру сияқты қазiргi Қазақстанның өзектi тақырыптарына тоқталды.

Сонымен қатар көрермендерге М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң студенттерiмен дайындалған және облыстық филармонияның концерттiк бағдарламасы ұсынылды.

Iс-шара барысында өз оқу орнында тiлдердi дамытуға қосқан зор үлесi үшiн студенттер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика