Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Тiл — парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң облыстық конкурсы туралы

21.09.2017

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХIХ облыстық фестивалi аясында қазақ тiлiн меңгерген жастарға қолдау көрсету, тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтеру мақсатында 2017 жылғы 21 қыркүйекте орыс жастары арасында қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты республикалық байқауының облыстық кезеңiн өткiздi.

Байқауға 17-22 жас аралығында 12 үмiткер қатысты.

Байқау үш аталым бойынша өткiзiлдi:

Бiрiншi аталым: Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау.

Екiншi аталым жазбаша және ауызша бөлiктен тұрады:

а) жазбаша бөлiгi: қазақ тiлiнде эссе жазу.

б) ауызша бөлiгi: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрау.

Үшiншi аталым: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнiн орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тiлiндегi қөркем шығарма үзiндiсiнiң қойылымы (үй тапсырмасы).

Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынға Журина Светлана (Айыртау ауданы), 2-орынға Акулина Лилия (Жамбыл ауданы), 3- орынға Петрова Әйгерiм ( Тайынша ауданы) ие болды.

Сонымен қатар «Сөз шеберi» номинациясы бойынша — Бадан Алена (Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан), «Шабыт жұлдызы» номинациясы бойынша — Алиева Майя (Тимирязев ауданы), «Үздiк эссе жазушы» номинациясы бойынша — Исакова Мария (Уәлиханов ауданы) марапатталды.

Байқау жеңiмпаздарына дипломдар және естелiк сыйлықтар табыс етiлдi.

«Тiл — парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң облыстық конкурсы туралы«Тiл — парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң облыстық конкурсы туралы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика