Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Тiл шеберi» облыстық байқауға қатысу туралы

22.09.2017

Ү.ж. 22 қыркүйекте СҚО әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының бас маманы Ә.Т. Бимаханова Қазақстан халқы тiлдерiнiң фестивалi аясында «Қоғамдық келiсiм» КММ өткiзген «Тiл шеберi» облыстық байқауына қазылар алқасының төрағасы ретiнде қатысты.

Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы ғимаратының акт залында ұйымдастырылды.

Өзге ұлт өкiлдi жас мамандардың арасында мемлекеттiк тiлдi бiлу бойынша өткiзiлген «Тiл шеберi» байқауының мақсаты — қазақстандық партиотизмдi тәрбиелеу және өзге ұлт өкiлдерi арасында мемлекеттiк тiлдi үйренуге қызығушылықты дамыту болып табылады.

Байқауға жалпы 13 үмiткер қатысты, оның iшiнде бiлiм мекемелерiнiң қызметкерлерi және этно-мәдени бiрлестiктерiнiң өкiлдерi болды.

Шара үш кезеңнен тұрды: өзiн-өзi таныстыру, диалог құру және өзiн шығармашылық жақтан көрсету.

Барлық үмiткерлер байқауға үлкен жауапкершiлiкпен дайындалып, үй тапсырмасын орындау кезiнде шығармашылық iзденiс танытты.

Нәтижесiнде, Бас жүлденi — «Радзiма» белорус ұлттық-мәдени орталықтың мүшесi Мария Татаренко, I орынды — Петропавл қаласының №8 жалпы бiлiм беретiн эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенiнiң мұғалiмi Алена Козлова, II орынды — Петропавл қаласының №9 орта мектеп мұғалiмi Янина Голубцева және III орынды — Д.М. Карбышев атындағы №40 орта мектеп мұғалiмi Ольга Миллер иелендi.

Сонымен қатар, қазылар алқасы байқаудың үшiншi кезеңiнде «Жетiм қыздың» монологын үлкен әртiстiк шеберлiкпен оқыған Бiрiншi гимназия мұғалiмi Екатерина Данинаны, сондай-ақ 13 үмiткердiң iшiнде жалғыз аудандық өкiл Қызылжар ауданы «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешiсi Надежда Мирошникованы ерекше атады.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика