Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Тiл — тұнық ойдың кәусары» олимпиадасы туралы

21.09.2017

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы Қазақстан халқы тiлдерiнiң XIХ облыстық фестивалi аясында үш тiлдi меңгерген қабiлеттi жастардың арасында «Тiл — тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңiн өткiздi.

Олимпиадаға 18 бен 22 жас аралығындағы қалалық және аудандық кезеңнiң жеңiмпаздары қатысты.

Үш тiлдi меңгерген жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу олимпиаданың негiзгi мақсаты болып табылды.

Қазылар алқасы мүшелерiнiң шешiмi бойынша 1-орынды Гаухар Түйебаева (Петропавл қаласы), 2-орынды Райгүл Әшiм (Мағжан Жұмабаев ауданы), 3-орынды Сәния Смағұлова (Қызылжар ауданы) иелендi.

Сонымен қатар, «Тiлдiң байлығы мен көркемдiгi үшiн» номинациясы бойынша Әлия Тәжiбаева (Аққайың ауданы), «Үздiк шығармашылық жұмыс» номинациясы бойынша Айжан Садуақасова (Тайынша ауданы), «Iлеспе аударма шеберi» номинациясы бойынша Ерлан Нұртаза (Ақжар ауданы) марапатталды.

«Тiл — тұнық ойдың кәусары» олимпиадасы туралы«Тiл — тұнық ойдың кәусары» олимпиадасы туралы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика