Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма жайлы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 481 қаулысына
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «22» шілдедегі
№ 274 қаулысымен
бекiтiлген

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Петропавл қаласы

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тілдік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы:

1) «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттрінен жүзеге асырылады.

13. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

мемлекеттік тілдің басымдық жағдайымен және өңірде тұратын халықтардың тілін дамыта отырып, мемлекеттік үштұғырлы тіл саясатын тиімді жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында тіл саясаты саласында мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру;

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы 3аңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша меншік нысанасына қарамастан, облыстық басқармалар мен ведомстволар, қалалық және аудандық әкімдіктер, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметтерін үйлестіру

16. Функциялары:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

өз құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты лауазымдық нұсқаулар және басқа да құжаттар туралы ережені бекітеді;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзырына енетін нормативтік құқықтық актілерді, бағдарлама жобаларын және басқа мәселелер бойынша құжаттарды өңдейді;

белгіленген тәртіпте қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қорлардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

ұлттық-мәдени орталықтары жанындағы жексенбілік мектептер қызметін зерделейді және ана тілдеріне оқытатын жаңғыру мектептерін құруға ықпал етеді;

мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңыздағы кешенді шараларды жүзеге асырады;

оқу-әдістемелік құралдарды, мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі оқулықтарды өңдеуді, шығаруды және таратуды қамтамасыз етеді және оны инновациялық технологиялар негізінде енгізеді;

тілдік ортаны құру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;

тілдерді дамытудың өзекті проблемалары бойынша іс-шаралар өткізеді;

мемлекеттік тілге оқытуды зерделеу бойынша мемлекеттік органдарда жаңа әдістер мен компьютерлік бағдарламаларды таратады;

ана тілдерін дамыту мәселелері бойынша ұлттық-мәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіреді;

этносаралық қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктердің күшін ынталастырады;

ана тілдерін зерделеуде этнос өкілдеріне қолдау көрсетеді;

ономастикалық жұмысты үйлестіреді;

облыстық ономастикалық комиссия қызметін қамтамасыз етеді;

ономастикалық объектілер атауларын ретке келтіру мәселелері бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

заңды және жеке тұлғалардың көрнекі ақпаратты, ресми деректемелері мен жарнамаларынының мемлекеттік тілдегі мәтіндерін келіседі;

мемлекеттік тілдегі құжаттар редакторларының, сондай-ақ осы лауазымға үміткерлердің аудармашылық дағдыларының деңгейін айқындайды, тұжырымдама береді;

ұлты қазақ азаматтарының тегі, есімі және әкесінің атының қазақ тілінің әдеби нормасына сай жазылуы және олардың орыс тілінде берілуі жөнінде тұжырымдама береді;

жеке және заңды тұлғаларға деректемелер мен көрнекті ақпараттарды мемлекеттік және орыс тілінде ресімдеуде әдістемелік көмек көрсету жөніндегі рейдтік және басқа да іс-шаралар өткізеді;

тіл заңнамасын бұзу фактілері бойынша шұғыл ден қоюдың түрлі шараларын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік әрекет ету шараларын қолданады;

облыстың ұйымдарында, мекемелерінде, кәсіпорындарында мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжат айналымының мониторингін жүргізеді;

ересектер аудиториясында қазақ тілінен зерделеу бойынша сабақтар жүргізуге рұқсат ету үшін тұжырымдама береді;

өңірде тілдік ахуалды әлеуметтік зерттеу мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

аналитикалық баяндамалар, тілдік заңнамаларды іске асыру бойынша есептер дайындауды жүзеге асырады;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтардың ұсыныстарын, арызын және шағымдарын қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қолданады, қабылдау жүргізеді, азаматтарға, мекемелерге және ұйымдарға, кеңес береді.

«Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;

«Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлігінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

«Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;

«Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2) «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

тілдерді қарқынды оқыту жөніндегі интерактивті және бірыңғай оқыту жүйелерін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтарын, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, көрнекі құралдарды әзірлейді және таратады;

аудармашыларға, ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мамандарға, тіл үйірмелері жетекшілеріне практикалық және консультациялық көмек көрсетеді, семинар-практикумдар өткізеді және сертификат береді;

мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеру білімдерін, дағдыларын тексеру мақсатында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша аралық тексеру, қорытынды бақылау жұмыстарын, емтихандар өткізеді және сертификат береді;

семинар-практикумдар, консультациялар, мультимедиялық кабинеттерде сабақтар өткізу үшін өзге ұйымдармен өзара әрекет етеді;

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды іске асыру мақсатында әр түрлі іс-шараларға қатысады және өткізеді;

өз қызметі туралы ақпаратты еркін таратады;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары және міндеттері:

белгіленген тәртіпте «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа материалдарды облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан сұратуға және алуға;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретіне енгізілген мәселелер жөнінде түсініктеме беруге;

тіл туралы заңнаманы бұзуға жол беретін басшылардың, лауазымды тұлғалардың, кәсіпорындар қызметкерлерінің қылықтарына қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте шара қолдануға және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапқа тарту туралы мәселені шешуге арналған материалдарды прокуратура органдарына және басқа мемлекеттік органдарға жіберуге;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты проблемаларды шешу, жекелеген материалдарды дайындау және қарастыру үшін шарт негізінде сарапшыларды, ғылыми мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкері мен мамандарын тартуға;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алқа мәжілістерінде меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшыларының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі есептерін тыңдауға;

қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімшелерінің міндеттері мен өкілдіктерін айқындайды;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын көтермелеу мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті нұсқаулар береді;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап береді;

заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

24. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі 9.00-ден 18.30-ға дейін, аптасына бес күн, түскі үзіліс – 13.00-ден 14.30-ға дейін.

5. Мемлекеттік органның мүлкі

25. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөнiндегi басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның

ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

  1. «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


09.12.2016 15:58

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика