Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма жайлы || Функциялар

Функциялар

«Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында тiлдiк саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

  • тiлдердi дамыту саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
  • өз құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарының, Үкiмет қаулыларының, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
  • «Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшелерi, «Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметiне қатысты лауазымдық нұсқаулар және басқа да құжаттар туралы ереженi бекiтедi;
  • «Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi құзырына енетiн нормативтiк құқықтық актiлердi, бағдарлама жобаларын және басқа мәселелер бойынша құжаттарды өңдейдi;
  • белгiленген тәртiпте қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерiн шешедi, бюджеттiк қорлардың тиiмдi және мақсатты орындалуын бақылайды;
  • ұлттық-мәдени орталықтары жанындағы жексенбiлiк мектептер қызметiн зерттейдi және ана тiлдерiне оқытатын жаңғыру мектептерiн құруға ықпал етедi;
  • мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңыздағы кешендi шараларды жүзеге асырады;
  • оқу-әдiстемелiк құралдарды, мемлекеттiк тiлдi оқыту жөнiндегi оқулықтарды өңдеудi, шығаруды және таратуды қамтамасыз етедi және оны инновациялық технологиялар негiзiнде енгiзедi;
  • тiлдiк ортаны құру бойынша шаралар ұйымдастырады:
  • тiлдердi дамытудың өзектi проблемалары бойынша iс-шаралар өткiзедi;
  • мемлекеттiк тiлге оқыту бойынша мемлекеттiк органдарда жаңа әдiстер мен компьютерлiк бағдарламаларды таратады;
  • ана тiлдерiн дамыту мәселелерi бойынша ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiредi;
  • этносаралық қатынастардың үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуде этномәдени бiрлестiктердiң күшiн интеграциялайды;
  • ана тiлдерiн оқытуда ұлыс өкiлдерiне қолдау көрсетедi;
  • ономастикалық жұмысты үйлестiредi;
  • облыстық ономастикалық комиссия қызметiн қамтамасыз етедi;
  • ономастикалық объектiлер атауларын ретке келтiру мәселелерi бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
  • орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • тiлдер туралы заңнамалардың орындалуын бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады, олардың бұзылу фактiлерiн қарастырады және солар бойынша өз құзыры шегiнде шешiмдердi жүзеге асырады;
  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
  • заңды және жеке тұлғалардың көрнекi ақпаратты, ресми деректемелерi мен жарнамаларынының мемлекеттiк тiлдегi мәтiндерiн келiседi;
  • мемлекеттiк тiлдегi құжаттар редакторларының, сондай-ақ осы лауазымға үмiткерлердiң аудармашылық дағдыларының деңгейiн айқындайды, тұжырымдама бередi;
  • ұлты қазақ азаматтарының тегi, есiмi және әкесiнiң атының қазақ тiлiнiң әдеби нормасына сай жазылуы және олардың орыс тiлiнде берiлуi жөнiнде тұжырымдама бередi;
  • деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • жеке және заңды тұлғаларға деректемелер мен көрнектi ақпараттарды мемлекеттiк және орыс тiлiнде ресiмдеуде әдiстемелiк көмек көрсету жөнiндегi рейдтiк және басқа да iс-шаралар өткiзедi;
  • тiл заңнамасын бұзу фактiлерi бойынша шұғыл ден қоюдың түрлi шараларын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар бередi, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен әкiмшiлiк әрекет ету шараларын қолданады;
  • облыстың ұйымдарында, мекемелерiнде, кәсiпорындарында мемлекеттiк тiлдегi кiрiс және шығыс құжат айналымының мониторингiн жүргiзедi;
  • ересектер аудиториясында қазақ тiлiнен үйiрме жұмысын жүргiзуге рұқсат ету үшiн тұжырымдама бередi;
  • өңiрде тiлдiк ахуалды әлеуметтiк зерттеу мониторингiн жүргiзудi ұйымдастырады;
  • аналитикалық баяндамалар, тiлдiк заңнамаларды iске асыру бойынша есептер дайындауды жүзеге асырады;
  • азаматтардың ұсыныстарын, арызын және шағымдарын қарайды, олар бойынша қажеттi шаралар қолданады, «Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi құзыретiне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды, мекемелердi және ұйымдарды қабылдайды, кеңес бередi.

06.02.2015 16:32

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика