Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Атқарылған жұмыстар || Президент Жолдауын іске асыру

Президент Жолдауын іске асырылуы

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттiк пен өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының iске асырылу барысын насихаттау мен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы тiлдердi дамыту басқармасы басшысы Кемел Қарашаұлы Оспанов 2016 жылғы 22 сәуiрде Аққайың ауданына болды.

2016 жылғы 25 сәуiр

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттiк пен өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының iске асырылу барысын насихаттау мен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы тiлдердi дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Досбайұлы Жамантаев 2016 жылғы 25 наурызда Жамбыл ауданына болды.

2016 жылғы 28 наурыз

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттiк пен өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының iске асырылу барысын насихаттау мен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы тiлдердi дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Досбайұлы Жамантаев 2016 жылғы 22 қаңтарда Тимирязев ауданына болды.

2016 жылғы 25 қаңтар

Мемлкеттiк тiл — қазақстандық қоғамды бiрiктiретiн күш

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы — шынайы iргелi тарихи құжат.

Президент аталмыш бағдарламаның нәтижесiн қорытындылап қана қоймай, сондай-ақ болашаққа стратегиялық мiндеттердi айқындап бердi. Ендiгi бiздiң басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу.

Менi, тiл саласының қалыптасуына тiкелей қатысты мемлекеттiк қызметшi ретiнде, ел Президентiнiң тiлдердi дамыту мәселесiне көңiл бөлуi ерекше толғантты.

Елбасы «Жауапкершiлiктi тiл саясаты қазақ ұлтын бiрiктiрушi басты факторлардың бiрi болып табылады» дедi. Қазақ тiлi — бiздiң рухани негiзiмiз».

«Бiздiң мiндетiмiз — оны барлық салада белсендi пайдалана отырып дамыту. Бiз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжiрибесiнен өтiп, бiздiң де үйлесiмдi үлесiмiзбен толыға түсетiн қазiргi тiлдi мұраға қалдыруға тиiспiз. Бұл — өзiн қадiрлейтiн әрбiр адам дербес шешуге тиiс мiндет. Сiздер бiздiң саясатымыз туралы — 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тiлiн бiлуге тиiс» екендiгiн баса атап көрсеттi.

Елбасының бастамасымен жарияланған «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» мемлекеттiк тiлдi дамыту бойынша жүйелi жұмыстың iргетасына және қозғаушы күшiне айналып отыр.

Мемлекеттiк тiлдiң басымдық жағдайын арттыру және өңiрiмiзде тұратын халықтар тiлiн дамыту бағытында мемлекеттiк тiл саясатын тиiмдi жүзеге асыру үшiн Тiлдердi дамыту басқармасы нақты жүйелi жұмыстар атқаруда.

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын Солтүстiк Қазақстан облысында iске асыру жөнiндегi 2011-2013 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары жасалды.

Бағдарламаның басты мiндеттерiнiң бiрi — Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығында курстар ұйымдастыру болып табылады.

2013 жылы Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығында 123 топта 2483 мемлекеттiк қызметшi оқуда.

Облыс аудандарында және Петропавл қаласында 85 топта 1185 мемлекеттiк қызметшiге оқыту ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстың ұйым, кәсiпорындарында 1000-ға жуық үйiрме (12 000-наң астам тыңдаушы) жұмыс iстеуде.

Өткiзiлген iс-шаралардың нәтижесiнде мемлекеттiк тiлдi меңгерген тұрғындар үлесi 43% асып отыр.

«Қазтест» бағалау жүйесi стандартына сәйкестендiрiлiп Орталық арқылы А1 қарапайым деңгей бағдарламасы әзiрлендi және осы бағдарлама негiзiнде оқулық жарыққа шықты.

2013 жылдың ақпан–наурыз айларында Орталықта бiлiм, мәдениет, денсаулық мекемелерiнiң басшылары «Қазтест» жүйесi бойынша тест сынағынан өттi.

Басқарма мамандары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасының келiсiмi бойынша бүгiнгi күнi Петропавл қаласы, Аққайың, Ақжар, Қызылжар, Мамлют және Уәлиханов аудандарының 85 бiлiм мекемесiнде тiл заңнамаларының орындалуы бойынша тексерiс жүргiздi.

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттiк тiлдегi шығыс құжаттарының үлесi өсiп 99 %, кiрiс құжаттары 79 % құрап отыр.

Басқарма мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелер, жарнама агенттiктердiң мемлекеттiк тiлдегi жарнамаларын, көрнекi ақпаратындағы мәтiндерiн бекiтiп беруде көмек көрсетуде. Жалпы 94 эскиз бекiтiлдi.

Басқарманың бастамасымен елдi мекендер атауларының пайда болу тарихын анықтау және жастардың патриоттық сезiмдерiне әсер ету мақсатында жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылары арасында «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» тақырыпта облыстық шығармалар байқауы өткiзiлдi. Байқау жеңiмпаздарының шығармалары бөлек шағын кiтапша ретiнде басылып шықты.

Президент өз Жолдауында «Қазақ халқы және мемлекеттiк тiл даму үстiндегi қазақстандық азаматтық тұтастықтың бiрiктiрушi ұйытқысы болып келедi. Бiз: «Мен — қазақстандықпын…» — деп айта алатын әдiлеттi қоғам құрып жатырмыз» деп атап өткен болатын.

Мемлекеттiк тiлдi насихаттауда Абай және Мағжан оқуларының, «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм», көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқауы, «Қазақ тiлi — болашағым, ертеңiм», «Тiл шеберi», «Қазақ тiлiнiң үздiк оқытушысы» және тағы да басқа байқаулардың маңызы ерекше. Сонымен қатар жыл сайын Қазақстан халқы тiлдерi фестивалi аясында әртүрлi iс-шаралды өткiзу дәстүрге айналды.

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк тiлдi насихаттау, қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында 35-тен астам өзге ұлт жастары аудандық, қалалық, республикалық байқауларға қатысты.

Олардың iшiнде Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi қазақ тiлi және әдебиетi бөлiмiнiң алғашқы түлектерiнiң бiрi, «Қазақ тiлiнiң жанашыры-2009» Құрмет белгiсiнiң иегерi Милютина Людмила Васильевнаны, республикалық байқаулардың жүлдегерi, «Жiгiт сұлтаны — 2005» жеңiмпазы, «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм» республикалық байқауының дипломанты Ершов Денистi, қалалық классикалық гимназияның түлегi, мемлекеттiк тiлдi насихаттау мақсатында өткiзiлген байқаулардың жүлдегерi Жукова Екатеринаны ерекше атауға болады. Қазiргi уақытта ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ герман филологиясының 1 курс студентi.

Бұл шаралар бiздiң халқымыздың рухани құндылықтарын дамытатыны сөзсiз.

Әрбiр қазақстандық Президенттiң алдымызға қойған мiндеттерiн орындауға өз күштерiн салып, үлестерiн қосуы тиiс деп ойлаймын. Олардың табысты шешiмiне барша халқымыздың және отбасымыздың жақсы тұрмысы байланысты екендiгi мәлiм.

Оған қоғамдағы келiсiм мен тұрақтылықты сақтау жолымен қол жеткiзуге болады, мемлекеттiк тiл — қазақстандық қоғамды бiрiктiретiн күш.

Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауынан тіл саясаты бойынша үзінді

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

28.04.2016 17:56

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика