Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Атқарылған жұмыстар || ҮЕҰ жұмыс

ҮЕҰ жұмыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел — мәртебелі тіл» жастар акциясы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы Солтүстiк Қазақстан медицина колледжiмен бiрлесе Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Мәңгiлiк ел — мәртебелi тiл» жастар акциясын өткiздi.

Акцияның мақсаты: жастардың өз ана тiлiне деген құрмет сезiмiн арттыру, тiл мәртебесiн көтеру, өз ұлтына, елiне деген сүйiспеншiлiгiн ояту. Қазақстан мемлекетiнде тұратын барлық халықтардың тiлдерiн құрметтеу.

Мерекелiк шараға қаламыздағы колледждердiң студенттерi қатысты.

Бұл шара үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсету мақстаында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында iске асырылды.

Шараны Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарма басшысы К.Қ. Оспанов құттықтау сөзiмен ашып, акция қатысушыларын тiлдер мерекесiмен құттықтап, тiлдердi дамытуға қосқан үлесi үшiн және тiлдер фестивалiне белсендiлiк танытқан бiрқатар оқытушылар мен студенттердi Алғыс хатпен марапаттады.

Акция мерекелiк концертпен жалғасты.

«Наурыз кубогы-2016» КВН фестивалi туралы

Петропавл қаласында ү.ж. 26 маусым күнi Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы «Қызылжар жастары» жастар қоғамдық бiрлестiгiмен бiрлесе отырып «Наурыз кубогы-2016» КВН фестивалi өткiздi. Қалалық мәдениет Үйiнiң сахнасында Астана қаласының «Елорда» және «Ақ орда», Петропавл қаласының «Жастар», «Тәртiптi бұзықтар» және Айыртау ауданының «Алтын жүрек» командалары бақ сынасты.

Бұл шара үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсету мақстаында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында iске асырылды.

Командалар 3 конкурс: «Сәлемдесу», «Ширату», «Әуендi үй тапсырмасы» бойынша сынға түстi.

Тартысты ойынның нәтижесiнде командалар жүлделi орындарға төмендегiдей орналасты: 1 орын және «Наурыз кубогы-2016» иегерi (Кубок, диплом) «Ел орда» командасы; 2 орын (Диплом) «Тәртiптi бұзықтар» командасы; 3 орын (Диплом) «Ақ орда» командасы; 4 орын (Диплом) «Жастар» және«Алтын жүрек» командалары.




«Наурыз кубогы-2015» жайдарман фестивалi туралы

Петропавл қаласында ү.ж. 20 наурыз күнi Солтүстiк Қазақстан облысының тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы «Қызылжар жастары» қоғамдық бiрлестiгiмен бiрлесе отырып «Наурыз кубогы-2015» жайдарман фестивалi өттi. Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы сахнасында 9 құрама, атап айтсақ: Астана қаласының «Елорда» және «АТЭК құрамасы», Петропавл қаласының «ПҚЭК құрамасы», «Мағжан жастары», №6 орта мектептiң «Күлкiлi емес», Классикалық гимназияның «Рахмет»,СҚО Ақжар ауданының «Ленинград», Тимирязев ауданының «Алаш жастары» және «Шал ақын құрамасы» командалары бақ сынасты.

Бұл шара үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсету мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында iске асырылды.

Биылғы сайыс ерекше форматта, яғни «Жекпе-жек» арнайы жобасы түрiнде өткiзiлдi. 10 құрама 5 командадан 2 топқа бөлiнiп, 5 түрлi сайыста (сәлемдесу, биатлон, бiр көрiнiс, еркiн сайыс және үй тапсырмасы) бiрi — «СҚО», екiншiсi — «Қызылжар» тобының намысын қорғады.

Сайыс қорытындысы бойынша «Қызылжар» тобы жеңiске жеттi. Аталмыш топқа №6 орта мектеп, «Елорда» Астана, ПҚЭК, Мағжан жастары жайдарман топтары ойнады.

«Қызылжар» тобының командалары 1 орын үшiн дипломдар және сыйлықтармен, «СҚО» тобы сәйкесiнше 2 орын алған үшiн дипломдармен марапатталды.

28.09.2016 10:03

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика