Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Атқарылған жұмыстар || Жартыжылдық есептер

Жартыжылдық есептер

Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын Солтүстiк Қазақстан облысында iске асыру жөнiндегi 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 2014 жылы орындалу барысы

2014 жылдың 12 наурызында облыс әкiмдiгiнiң № 54 қаулысымен Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын Солтүстiк Қазақстан облысында iске асыру жөнiндегi 2014 — 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

2014 жылғы 25 маусымда облыс әкiмдiгiнiң отырысында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының орындалу барысы қаралды.

Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарма 2014 жылғы ақпан айында өңiрлiк iс-шаралар жоспарының 2013 жылы орындалуы және 2014 жылға қойылған мiндеттер туралы алқа отырысын өткiздi.

2014 жылы облыс бойынша мемлекеттiк тiлдегi шығыс құжаттар үлесi 97%-ды, кiрiс құжаттар — 83%-ды құрады.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы арқылы 2014 жылы 124 топта 2624 мемлекеттiк қызметшi және облыс тұрғындары тiлдердi оқыды. Оның iшiнде 120 топта қазақ тiлi, 4 топта ағылшын тiлдерi оқытылды.

Облыстың ұйым, кәсiпорындарында 1000-ға жуық үйiрмеде 12000-нан астам тыңдаушы дәрiс алуда.

Сонымен қатар 2014 жылы қалалық бюжеттен бөлiнген қаражатқа 10 топ құрылып, 120 қала тұрғыны «Рух» оқыту орталығы арқылы мемлекеттiк тiлдi оқытумен қамтамасыз етiлдi.

Облыстық мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы республика көлемiндегi аккредиттеудiң 3 кезеңiнен өтiп, соңғы аппробациялаудан өтуге байланысты жұмыстар жүргiзуде.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы тiлдердi оқытудың халықаралық тәжiрибесiмен танысу үшiн Түркия Республикасы Гази университетiнiң жанындағы ТОМЕР «Түрiк тiлiн оқыту, зерттеу және тәжiрибе орталығымен» ү.ж. сәуiрде меморандумға қол қойды.

2014 жылдың мамыр айында Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығы қызметкерлерiнiң қатысуымен Петропавл қаласында және Есiл, Ақжар аудандарында «Қазтест» өткiзiлдi. Тестке 2196 адам қатысты және 33 тыңдаушы республикалық В1 (орта деңгей) сертификатына ие болды.

2014 жылы «Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы» Заңның 25-бабына сәйкес денсаулық мекемелерi, халыққа қызмет көрсету орталықтары және әдiлет басқармаларының 55 мекемесiнде тексерiс жүргiзiлдi.

Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылғы 21 қараша күнi жүргiзiлген тексерiстiң қорытындысы бойынша «Аумақтық атқарушы органдарда және денсаулық сақтау мекемелерiнде мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудiң өзектi мәселелерi» атты облыстық семинар өткiзiлiп, ұсыныстар берiлдi.

Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзушi мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мақсатында үстiмiздегi жылы 11 мемлекеттiк тiлдегi құжаттардың редакторы курстан өттi.

2014-2015 оқу жылында облыс бойынша 547 жалпы бiлiм беретiн мектеп қызмет атқаруда. Оның 136-ы таза қазақ тiлiнде, 130-ы аралас тiлде бiлiм бередi.

Мемлекеттiк және басқа да тiлдердi интерактивтi оқыту мақсатында облыс мектептерiнде 270 лингофондық кабинет жабдықталған.

Биылғы оқу жылында 66,5% қазақ балалары өз ана тiлiнде бiлiм алуда, бұл өткен жылғы көрсеткiштен жоғары.

2014-2015 оқу жылы өзге ұлт өкiлiнiң 293 оқушысы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.

Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарма тарапынан 2014 жылы мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн насихаттау бағытында 20 iс-шара өткiзiлдi.

Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарма «Қызылжар жастары» жастар қоғамдық бiрлестiгiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында Наурыз мейрамына орай дәстүрлi қазақша КВН фестивалiн өткiздi.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiнiң ықпал етуiмен өңiрiмiзде орыс тiлдi азаматтарға «Қазақстанның болашағы — қазақ тiлiнде» мемлекеттiк тiлдi насихаттау шаралары және зиялы қауым, тiл жанашырлары арасында «Мемлекеттiк тiлдiң өзектi мәселелерi жөнiнде» қоғамдық тыңдаулар өткiзiлдi.

2014 жылы облыстық ономастика комиссиясының екi отырысы өттi.

Отырыстарда Шал ақын ауданы Приишим орта мектебiне Зейнел-Ғаби Иманбаевтың, №4 Булаево орта мектебiне Ерiк Асқаровтың, Петропавл қаласының қазақ мектеп-гимназиясына Шоқан Уәлихановтың, Тайынша ауданы Қарағаш орта мектебiне Жақан Сыздықовтың, Уәлиханов ауданының «Аудандық мәдениет үйiне» Сәкен Жүнiсовтiң, Жамбыл ауданы №1 Благовещенка орта мектебiне Марат Кенжеғозинның, Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжiне Кеңес Одағының батыры Искандер Даутовтың есiмдерiн беру туралы ұсыныстар қолданып, құжаттар облыс әкiмi мен облыстық мәслихаттың қарауына жолданды.

Қазақстан халқы тiлдерiнiң облыстық фестивалi аясында Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарма Кәсiпкерлiк және туризм басқармасымен бiрлесе Петропавл қаласындағы сауда орындарының iшкi және сыртқы көрнекi ақпаратын заң талабына сәйкестендiру мақсатында «Көркем тiл — көрнектi жарнама» байқауын өткiздi.

2014 жылдың 11 айында жарнама агенттiктерiнiң 250 эскизi келiсiлдi. 40-тан астам мемлекеттiк тiлдегi құжаттар редакторының аудармашылық дағдыларының деңгейi анықталып, тұжырымдама берiлдi.

Биылғы жылы өңiрлiк БАҚ-та мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау тақырыбында электронды бұқаралық ақпарат құралдарында 224 ақпараттық сюжет, ал баспалы бұқаралық ақпарат құралдарында 100-ден астам мақала шықты.

Мәдениет ұйымдарының репертуарын қазақ тiлiндегi шығармалармен толықтыру мақсатында ү.ж. 4 қойылым көрсетiлдi.

Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыстар облыс әкiмдiгiнiң үнемi назарында.

28.01.2015 11:21

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика